Қостанайда із-түссіз кеткен әйел мен оның немересінің денесі табылды
Uaqyt.info
Фото
Қостанай облысында қарлы боран кезінде жоғалып кеткен 68 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.infо.
Айта кетейік, қарлы боран кезінде Тобыл қаласына жолға шығып, сол күйі түтек боран кезінде жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды. Олар 26 желтоқсанда із-түссіз кеткен болатын. Әжей мен оның немересін іздестіруге полициядан бөлек еркітілер де жұмылдырылған еді.
"Жоғалған 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қызды табу мақсатында жүргізілген іздестіру шаралары барысында олардың тұрғылықты жерінен, ауылда үсіп қалған денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижесі кейін белгілі болады", - деді Қостанай облысы ПД іздестіру бөлімінің бастығы.