Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттан құлады
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Қостанай қаласында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Баланы періштесі қаққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқыс оқиға туралы ТЖМ мәлімдеді.
“Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылды”, - делінген хабарламада.
ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
Еске саламыз:
🔹кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
🔹ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
🔹балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.