Saturday, 5 October,2024

Қостанайда жалған полицейлер қарттардың 40 млн теңгесін алып кеткен

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Соңғы екі айда Қостанай облысының аумағында белгісіз адамдардың қоңырау шалу жолымен жасалған алаяқтықтың 13 дерегі тіркелді. Олар егде жастағы жәбірленушілерге олардың жақын туыстары жол-көлік оқиғасына немесе ауруханаға түскенін хабарлаған, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, олар өздерін полиция қызметкерлері немесе жәбірленушілердің туыстары ретінде таныстырып, алаяқтардың арбауына түскендерден мәселені шешу үшін ақша талап еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Қостанай ПБ Солтүстік бөлімімен бірлесіп, алаяқтыққа күдікті адамдардың жеке басын анықтады.

“Біз күдіктілердің жеке басын анықтадық. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да болды. Олар 6 жас жігіт. Күдіктілер өздерінің делдалдарының нұсқауы бойынша әрекет етті. Құқық қорғау органдарымен жол берілген ЖКО немесе медициналық мекемелерде емделгені үшін мәселені шешу сылтауымен жәбірленушілерден ақшалай қаражат алды. Осылайша, алаяқтардың қолынан 40 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған 13 зейнеткердің зардап шеккені анықталды”, – деді Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

 

Ұсынылатын