Қостанайдағы апат: Үйіндінің астынан үш адамның денесі табылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қостанай облысының Амангелді ауылында болған жарылыстан үш адам қаз тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізге сала кетейік, Амангелді ауылындағы жеке кәсіпорындардың бірінің аумағында жарылыс болып, соның салдарынан үш адам үйіндінің астында қалды. Тағы оннан астам адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 200 адам және 40 шақты техника жұмылдырылған. Қазір апат бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.