Қостанайдағы жарылыс: Бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысан жылусыз қалды
Uaqyt.info

Жерасты жылу желісіндегі апатқа байланысты 42 көпқабатты тұрғын үй, әуежай және мектеп жылусыз қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қостанай жылу-энергетика компаниясы хабарлады.
"Бүгін, 20 желтоқсанда сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін Герасимов көшесіндегі 4 тұрғын үйдің жанындағы жерасты жылу желісіндегі апатқа байланысты 42 көпқабатты тұрғын үйге, №29 орта мектепке, Қостанай халықаралық әуежайының ғимараттарына жылу беру уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.