Friday, 18 October,2024

Қостанайдағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қостанай облысының Амангелді ауылындағы газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, үйінді астында қалған бір адам өлі табылса, құтқарушылар тағы екі адамды аман алып шықты. қазіргі уақытта қаза тапқан адамның жеке басы анықталып жатыр. Айта кетейік, Амангелді ауылында газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан жеті адам үйінді астында қалған болатын. Тағы 12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген еді.

Ұсынылатын