Қостанайлық әйел өз-өзін өртеп жіберді
Uaqyt.info

Қостанайда әйел өз-өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға Қостанайдағы бөлшек және көтерме сауда аумағында болған. Әйел үстіне сұйықтық құйып, от қойған. Әзірге суицид жасамақ болған әйелдің не өлі, не тірі екені туралы ақпарат жоқ.
“Полиция өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталды. Өзге мәлімет жария етуге жатпайды”, - делінген хабарламада.