Monday, 25 November,2024

ҚР Бас прокурорының орынбасары құны 1 млн доллар болатын вилласын сатылымға шығарды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ұлан Байжанов Франциядағы қымбат вилласын 1 миллион долларға сатпақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ұлан Байжанов журналистерге берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, ол қымбат вилласын мемлекеттік қызметке келмей тұрып алған көрінеді. 20 жыл бизнеспен айналысқан азамат Франциядағы қымбат вилласын 1 миллион долларға сатылымға шығарған. Бірақ әзірге сатып алушылар табылмапты.

"Бұл, расында сенімді ақпарат, оны ешқашан жасырған емеспін. Аталған жылжымайтын мүлікті бизнесте жүрген кезімде сатып алған болатынмын. Оның өзіндік себептері болды. Қызым ауырып, біраз уақыт Еуропада болуыма тура келді. "Бұл ақпараттың барлығы декларацияда ашық көрсетілген, ол арада арнайы тексеру жүргізіледі, бұл 13 жыл бұрын болған (жылжымайтын мүлікті сатып алу – ред.), маған қатысты ешқандай сұрақтар туындаған жоқ. Әсіресе жоғары саяси лауазымдарға тағайындау туралы сөз болғанда, тексеру өте мұқият жүргізіледі. Сондықтан одан сенсация жасаудың қажеті жоқ", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Байжанов 24 ақпанда ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалған болатын.

Ұсынылатын