Friday, 22 November,2024

“ҚТЖ - Жүк тасымалы” бухгелтерлері 4 жыл бойы жалақыдан ірі мөлшерде ақша жымқырған

Уақыт.кз
Фото

Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары “Қазақстан Темір жолы - жүк тасымалы” ЖШС-нің Алматы бөлімшесінде аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру фактісін анықтады. Бухгалтерлер мұнда сенімді адамдары арқылы ақша ұрлаған деп хабарлайды Уақыт. кз.

Мәліметке сүйенсек, бухгалтерлер "SAP HRP" бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты жалақыны есептеу бойынша алаяқтық әрекеттерге барған. Яғни, 4 жыл ішінде артық төлемдерді өздерінің сенімді адамдарының есепшотына аударып, оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Қазіргі уақытта айыпталушылар ісі сотқа берілген.

Бұған дейін кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж.Құндақбаева сотталды, -  - делінген ақпаратта.

Көлік прокуратурасы жыл сайынғы аудиторлық тексерулер бұл кемшіліктердің барлығын анықтамағанын , әрі құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тиісті тергеу басталғанына да тоқталған.

Сонымен қатар мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына көлік прокуратурасы қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді.

Ұсынылатын