- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Қуат көзіне қосулы қалған ұялы телефон себеп болған: Өскеменде жетінші қабаттағы пәтер өртенді
Қуат көзіне қосулы қалған ұялы телефон себеп болған: Өскеменде жетінші қабаттағы пәтер өртенді
Алмас Абылай
Фото ҚР ТЖМ
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Славский атындағы Набережная көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтер жанған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Төтенше жағдайлар министрлігі дерегіне сүйенсек, оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері бірінші кезекте баспалдақ маршы арқылы 20 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялаған. Көпқабатты үйлердегі өрттерді сөндіру үшін өрт сөндірушілер арнайы техниканы пайдалана отырып, барлық күш-жігерін жұмсап, өртті 20 шаршы метр алаңда сөндірді.
Өрт ошағы болған пәтерде ешкім болмағаны анықталды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, яғни қуат көзіне қосулы қалған ұялы телефон болды. Отты өшіруге жеке құрамынан 18 адам және 6 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылған.