- Басты жаңалықтар
- Спорт
- Қуат Хамитов баланы қанша жаста және қандай спорт түріне берген дұрыс екенін айтты
Қуат Хамитов баланы қанша жаста және қандай спорт түріне берген дұрыс екенін айтты
Фото ашық ғаламтордан
Аралас жекпе-жек шебері, спортшы Қуат Хамитов ата-аналарға өз кеңесін айтты. Ол баланы қанша жастан және қандай спорт түріне берген дұрыс екеніне тоқталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қуат Хамитов өз кеңесін әлеуметтік парақшасында жариялады. Онда ата-аналардан көптеген сұрақтар келіп түсетініне тоқталған. Яғни баланы қанша жастан және қандай спорт түріне берген дұрыс деген бағытта. Сол сұрақтарға спортшы былай жауап берген.
Ең бірінші 5-6 жастағы балаларды гимнастика немесе акробатика спортына берген дұрыс. Өйткені ондай балалар икемді болады. 12-13 жасқа толғанда күрес түрлеріне қатыстырыңыздар. Ал жекпе-жек спорты түрлеріне негізінен 22 жасқа дейін әуесқой түрде шұғылданып, спорт шебері деңгейіне дейін көтерілген уақытта ауысқаны дұрыс, - дейді спортшы.
Десе де желідегі жұрттың пікірі екіге бөлінген. Бірі жақсы кеңес екенін айтса, енді өзгелері нағыз чемпионды дайындау үшін 5-6 жастан бастап тек бір спортқа баулыған абзал дегенді жазыпты.



