Saturday, 27 July,2024

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды

Uaqyt.info
Фото

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік Александр Шлеменкодан ұтылып қалды. Турнир Ресейдің Екатеринбург қаласында өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

RCC 19: Александр Шлеменко — Куат Хамитов, кто победил, результат боя,  исход поединка, обзор, видео, победа россиянина - Чемпионат

RCC 19 турнирі аясында кездескен қос файтердің жекпе-жегі төрешілердің шешімімен ресейлік жауынгердің еншісіне жазылды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Қуат Хамитов қарсыласына (30-26, 30-26, 30-27) есебімен ұтылды.

Бұл - Александр Шлеменконың кәсіби мансабындағы 65–ші жеңісі. Ол бұған дейін жеңілістің 15 рет ащы дәмін татқан.

Ал Хамитов MMA-да тоғызыншы рет жеңілді. 36 жастағы қазақстандықтың активінде 24 жеңіс бар.

Ұсынылатын