Friday, 22 November,2024

“Құдай қаласа “Қошқармен” жүреміз”. Қазақстан жаңа электромобиль шығарады

Уақыт.кз
Фото

Қазақстанда Qoshcar атты электромобиль өндірісі жолға қойылды. Отандық стартаптың дизайнын қытайлық Nio компаниясы жасап шығарған, деп хабарлайды

Сүйінші жаңалықты белгілі журналист Ербол Азанбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Әзірге темір тұлпардың сатылымға қашан шығарылатыны белгісіз.

“Алдағы 3-4 жылда қазақстандық Qoshcar (Қошқар) атты электромобильмен жүруіміз мүмкін. Отандық стартаптың аты да, түрі де ұнады. Дизайнын қытайлық Nio-ның дизайнері жасапты. Құдай Қошқар мінетін күнге жеткізсін”, - деп жазды Ербол Азанбек.

Ал желі қолданушылары отандық өнімге қатысты түрлі пікір жазып жатыр.

“Атауы керемет екен. Қошқардың сапасы мықты болса екен”, “Біздің Шымкентте жасайды электромобильдерді. Жарнамалап, атын шығарайық, отандық кәсіпкерді қолдайық дегенде бір де бір республикалық телеарна қосылмады. Ақша сұрады”, “Бұрын тұлпар еді, енді қошқар, соңы лақ болмасын”, “Қытайлар жасаса, сүзісіп бәле болмай ма?!”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын