Saturday, 27 April,2024

Құдай үйінде брендтік аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанадағы мешіттердің бірінде қымбат аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жұма намазға келгендердің бірінің аяқ киімін ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Ол анау-мынау емес, құны 800 мың теңге болатын крассовкиді қолды қылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ол өз кнәсін толық мойындап отыр. Тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де осыған ұқсаса қылмыстары бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ұсынылатын