Thursday, 19 September,2024

Құдайдан безген: Шымкенттегі мешітте 800 мыңның күртешесі ұрланған сәт видеоға түсіп қалды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Шымкент полицейлері мешітте болған ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеуді бастады.

Ер адамның айтуынша, қаладағы орталық мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілгіште тұрған құны 800 мың болатын теңге болатын сырт киімін ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, күдіктіні жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқиға болған жердегі бейнекамераларды тексеру кезінде күртешені киіп, “ізін суытуға” асыққан жігіт көзге түсті.

Полицейлер оның жеке басын анықтап, қала аумағында жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қымбат күртеше иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Ұсынылатын