Құдайға тіл тигізген студент өлім жазасына кесілді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Пәкістанда Құдай және пайғамбарды қорлайтын сөздер жазылған фото мен видео жасаған студент өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
22 жастағы студентке осылайша ауыр айып тағылған. Ол Құдай туралы, пайғамбар және оның әйелі жайлы фото-видеолар жасап, WhatsApp желісі арқылы таратқан.
Ал 17 жастағы тағы бір жеткіншек сол контентті таратамын деп түрмеге тоғытылды. Ол ендігі ғұмырын өмір бойы темір тордың ар жағында өткізеді.