Sunday, 6 July,2025

Құлаған көпір: «Қазақстан темір жолы» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Жолдарды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Оған жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыс жайларын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған деген айып тағылған.

 

Естеріңізге сала кетейік, 3 наурызда Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түскен болатын. Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Ұсынылатын