Saturday, 23 November,2024

“Құлдық сана, құл тірлік”. Депутат қызына Амина деп есім берген әншіні сынады

Uaqyt.info
Фото

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса қызына Әмина емес, Амина деп ат қойған танымал әнші Алтынай Жорабаеваны сынап тастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазыбек Иса: Мемлекеттік тілді бүкіл азаматтың білуі міндетті - Алаш 24

Бұл туралы Қазыбек Иса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда депутат қазақ әріптерін жат санайтындарды құлдарға теңеген.

“ӘМИНӘ” деген әсем аттағы “Ә” әрпінен қашу, жалпы қазақ әріптерін жат санау - құлдық сана, құл тірлік!”, - деп жазды Қазыбек Иса.

Айта кетейік, жуырда Алтынай Жорабаева бесінші қызын дүниеге әкелген болатын. Кішкентайға белгілі ұстаз Нұрлан Имам азан шақырып, атын қойды. Ата-анасы оған Амина деп ат қойған. Бірақ осы есім қоғам арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары қазақтың “Ә” әрпінің орнына “А” қарпін қолданған әншіні сынап тастады. Бірақ Алтынай Жорабаева көптің айтқанына былай деп жауап берді.

“Неге "біз" біреуді түзеткіміз кеп тұрады, осы? Құжат бойынша да, былай да Амина Алишерқызы. Әмина емес , АМИНА деп қойдық”, - деп атап өтті Жорабаева

Ұсынылатын