Saturday, 23 November,2024

Құлсарыда су тасқыны кезінде көз жұмған тағы бір адамның мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото

Құлсарыда су тасқыны кезінде із-түссіз кеткен жігіттің денесі табылды. Ол әкесімен бірге хабарсыз кеткен болытн, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құлсарыда баласымен бірге жоғалған ер адамның денесі табылды

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше 14 сәуірде 2000 жылы туған жігіттің денесі өз үйінен 1 шақырым қашықтықтан табылды.

"Бүгін, 14 сәуір күні сағат 13:40-та 2 000 жылғы ер адамның мүрдесі тұрғын үйінен 1 шақырым қашықтықтан табылды. Мүрде тасқын судың астында 1,5 метр тереңдіктен табылды", - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, әкелі-балалы ер адамдар 6 сәуірде су басқан үйін көріп келеміз деп, сол күйі жоғалып кеткен болатын. Uaqyt.info 1976 жылы дүниеге келген ер адамның денесі табылғанын бұған дейін жазды.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылған.

Ұсынылатын