Saturday, 23 November,2024

Құлсарыдағы су тасқынынан екі адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында су басқан үйді тексеруге кеткен екі ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, су тасқыны кезінде екі адам жоғалып кеткен. Іздестіре келе құтқарушылар олардың мәйітін тапты.

"Бүгін, 7 сәуірде түнгі сағат 11 шамасында Атырау облысының ТЖД күштері тыныс алу белгілері жоқ екі ер адамның денесін тапты", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Айта кетейік, қауіпті су тасқыны қазір еліміздің 10 облысын басты. Үйлер қирап, халық көк судың ортасында отыр. Құтқару жұмыстары жалғасып, шығын көлемі есептеліп жатыр.

Ұсынылатын