Sunday, 24 November,2024

Құмар ойын түбіне жетті: Ақтөбеде 23 жастағы жігіт суицид жасады

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Ақтөбе облысында әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген 23 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған.

Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған.

Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан. Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген.

Ұсынылатын