Saturday, 23 November,2024

Құмға сіңіп кеткен бе? Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам әлі табылған жоқ

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевты іздеу жұмыстары әл жалғасып жатыр. Қоғамда резонанс туғызған мәселеге депутаттар да үн қоса бастады. Мәжілісмен Елнұр Бейсенбай осыған байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Балаға зорлық қылғандар бас бостандығынан өмір бойына айрылуы керек– Елнұр  Бейсенбаев

Депутат қаскөйді тез арада табуды және оны барынша қатаң жазалауды талап етіп отыр.

“Күні кеше Қарағандыда болған оқиға – соның айқын дәлелі. Айдың күннің аманында өз қызметін адал атқарып жүрген жедел жәрдем жүргізушісін қанжоса етіп соққыға жығу – барып тұрған бассыздық. Құқықбұзушы Нұрболат Дәкебаевтың бұл әрекеті – жәй ғана қылмыс емес, бүкіл қоғамға, заң мен тәртіпке ашық қарсылық, не істей аласың деген дөңайбат. Өзін бейнетаспаға түсіріп жатқанын біліп тұрса да, ешқандай айылын жимай жұдырық сілтеп, қызметтегі адамды қанға бөктіруі – әбден шектен шыққандық, нағыз қаныпезерлік.1 жасар сәбиге көмекке келген медицина қызметкерлерін, ашықтан-ашық, куәгерлердің көзінше ұрып-соғу не деген сұмдық? Біз заң мен тәртіп үстемдік ететін, әрбір азаматтың құқығы қорғалған, өз өмірі мен денсаулығына қауіптенбейтін әділетті Қазақстанды қалаймыз және оны құрамыз. Президентіміз айтқандай: «Бізде заң мен тәртіпбұзушылыққа төзбейтін жағдай қалыптасуы керек”, - деді депутат.

Ол уәкілетті органдарға келесі шараларды қолға алуды ұсынды:

  • Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған Дәкебаевты тезарада табуы тиіс.
  • Нұрболат Дәкебаевтың сотын ашық жүргізіп, қатаң жаза тағайындау және оның барысы мен қорытындысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты түгел хабардар ету.
  • Соңғы уақыттары адамның жеке басына қауіп төндіретін, тіпті оның өмірін қиятын қылмыстар қоғамдық сипат алуда. Сондықтан, тезарада кез келген қылмыстарға қоғамды мүлдем төзбеушілік мәдениетін жаппай қалыптастыруымыз қажет.

Ұсынылатын