Monday, 16 September,2024

"Құрлықтағы ең ұзын шекарасы бар қос мемлекет әрқашан дос болуға тиіс": Ресейге кеткен Абаев үн қатты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Экс-министр, қазір Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев екі мемлекет байланысына қатысты сөз сөйледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ресейдегі елшілікте өткен Республика күніне байланысты шарада Дәурен Абаев баяндама жасады. Онда Қазақстан мен Ресей арасын тек достық қарым-қатынас қана жүрмейтінін, әріптестік, одақтық, стратегиялық мақсаттар да тығыз байланғанын алға тартты.

"Қазақстан үшін Ресей қатардағы көрші ғана емес, одақтас және стратегиялық серіктес. Біз елдеріміз арасындағы әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы туралы жиі айтамыз, бірақ оның рекордтық ұзындығы факті ғана емес, дәл сол аралықтағы күнделікті қайнап жатқан өмір тіршілігін де ерекше айтуға болады. Яғни бұл жерде біз тек сенімді қарым-қатынастар, мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері, тауар айналымы немесе туризм туралы ғана айта алмаймыз. Сонымен қатар қаншама дос-туыстың бірін-бірі іздеп, еркін байланыстарын нығайтып отыруын да сол байланыстың нышаны ретінде мысалған келтіреміз. Сондықтан да Қазақстан мен Ресей дос болуы тиіс", – деді Дәурен Абаев.

Ұсынылатын