Құтқарушылар 48 жастан бастап зейнетке шығады - Әлихан Смайылов
Uaqyt.info
Фото astanatv.kz
Премьер-Министр Әлихан Смайылов құтқарушылардың зейнет жасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyy.info.
Әлихан Смайылов бұл туралы депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді. Онда ол құтқарушылардың зейнет жасы төмендейтінін және оларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесі пысықталып жатқанына тоқталған.
«Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады», - деді Әлихан Смайылов.