- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қылмыстық ұйым құрғаны рас па? Прокуратура президенттің бұрынғы қызын сотқа берді
Қылмыстық ұйым құрғаны рас па? Прокуратура президенттің бұрынғы қызын сотқа берді
Швейцария прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызын сотқа берді. Гүлнәр Каримоваға "Офис" деп аталатын халықаралық қылмыстық ұйымды құрды және басқарды деген айып тағылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС дерегіне сүйенсек, 51 жастағы Гүлнәр Каримова сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұйымдасқан қылмыс туралы кең ауқымды істің басты қатысушысы болған көрінеді. Яғни ол Өзбекстанда жүздеген миллион доллар ұрлап, бүкіл әлем бойынша компания басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерге жүйелі түрде пара берді деп айыпталуда.
Сондай-ақ оған Швейцарияда орналасқан бірқатар компаниялар мен банктік шоттар арқылы заңсыз алынған қаражатты жасырғаны туралы күдік ілінді.
Тергеу нәтижесінде Швейцария билігі Өзбекстанға қайтарылуы тиіс 340 миллион швейцариялық франктан (175 миллиард теңге) астам активтерін тәркіледі. 440 миллионнан астам франк сот процесі жалғасып жатқан кезде бұғатталады.
Сонымен қатар прокурорлар оның “Офис” деп аталатын қылмыстық ұйымның жетекшісі болғанын да мәлімдеді.