Қыран Талапбектің әйелі бұрынғы күйеуі туралы айтты
Танымал мобилограф Қыран Талапбектің әйелі актриса Гүлзада Тұрлаш бұрынғы күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жақында ғана дүркіретіп тойын өткізген Қыран Талапбектің екінші әйеліне қатысты әлеуметтік желіде түрлі пікір жазылып жатыр. Бірі екі жасқа бақыт тілесе, келесілері Гүлзада Тұрлаштың өткен өміріне қатысты сұрақтарды жиі қойған.
18 жасында тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен актриса көптің көкейінде жүрген сауалға өзі жауап берді. Оның айтуынша, алғашқы некесінің сәтсіз болғаны актрисаға қатты әсер еткен. Тіпті шаштары түсіп, күйзелістен денсаулығы сыр беріпті.
Ол ажырасқан қыз-келіншектерге қандай жағдай болмасын сабыр сақтауға және болашақтан үміт үзбеуге кеңес берді.
Айта кетейік, Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаштың тойы Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен болатын. Бұл туралы Uaqyt.info бірнеше материал жазды.