Saturday, 23 November,2024

Қырғыз басшысы танымал авторитеттің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевтың өліміне қатысты пікір білдіріп, тергеу амалдарының басталғанын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Президенттің айтуынша, авторитеттің қаза болғанын ол әлеуметтік желі беттерінен естіген. Содан кейін бірден Бас прокурор Курманкул Зулушевке телефон соғып, істің –мән-жайы туралы толық есеп беруін тапсырған.

“Атыс болған жерден маған Бас прокурор телефон соғып, ол жерде атыс болғанын, соның салдарынан бірнеше адам жарақат алып, Көлбаевтың қаза тапқанын жеткізді. Әскери прокуратура МҰҚК арнайы операциясының заңды түрде жүргізілгенін анықтау үшін тергеп-тексеру басталды. Нәтижесін кейінірек білеміз”, - деді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, атақты Қамшы Көлбаев 4 қазанда арнайы операция кезінде көз жұмған болатын. Қылмыс әлемі серкесінің қазасынан кейін Қырғызстанның бірқатар авторитеттері өз стаустарынан бас тартты.

 

Ұсынылатын