Қырғыз билігі туды өзгертуге қарсы болған атақты балуанға сес көрсетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қамшыбек Ташиев туды өзгертуге қарсы болған танымал балуан Жоламан Шаршенбековке жауап берді. Айта кетейік, бұған дейін спортшы ескі туды қолданатынын, ал жаңа тудың қажет емес екенін ашық айтқан болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Мен туды ауыстыруға қарсымын. Менде ескі ту бар. Жаңасын алуды жоспарлаған жоқпын", - деп мәлімдеген спортшы.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев балуанның бұлы мәлемдемесіне былай деп жауап берді.
«Мемлекеттік тусыз бірде-бір спортшының кез келген ресми жарысқа қатысуға құқығы жоқ! Қолынан егер келсе, қатысып көрсін!” – деп жазды Ташиев.