Қырғызстан өлген адамдарды өртеуге рұқсат берді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Көрші қырғыз елі қайтыс болғандарды өртеуге рұқсат берді. Елде енді крематорийлар салынбақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жерлеудің бұл түрін қолдайтындар елде аз емес көрінеді.
Бірақ мәйітті өртеуге марқұмның туыстары құжат бойынша рұқсат берулері керек.
Айта кетейік, салынатын крематорийларда тек адамдардың денесі емес, жан-жануарлардың да өлекселері өртеледі. Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта олар қоқысқа тасталып жатыр екен.