Saturday, 23 November,2024

Қырғызстанда 39 мешіт пен 21 медресе жұмысын тоқтатты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремизм мен терроризмге қарсы күресу мақсатында 60 мешіт пен медресені жауып тастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ош облысындағы мешіт пен медреселердің жабылуына бірнеше фактор әсер еткен. Медиазона ЦА басылымының жазуынша, салынған мешіттер құрылыс талабына сай келмеген, ал медреселер білім берудің бірыңғай стандарттарын орындамаған. Заңды өрескел бұзған 60 мешіт пен медреседен бөлек, тағы 39 діни және ғибадат орындарына әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Олар сәулет-құрылыс нормаларын сақтамаған.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанынан құрылған арнайы комиссия Жалал-Абад облысында заңсыз жұмыс істеп тұрған 60 мешітті анықтаған болатын. Ведомствоның хабарлауынша, мұндай нысанның 33-і Созақ ауданында, тағы жетеуі Тоғыз-Торо өңірінде, бес заңсыз діни мекеменің әрқайсысы Чатқал мен Ноокен өңірінде жұмыс істеген. Жалал-Абад қаласында да үш мешіт тиісті рұқсатсыз өз жұмысын жүргізген.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда 2,6 мыңға жуық мешіт бар. Оның 100-ге жуық медресе.  

Ұсынылатын