Monday, 16 September,2024

Қырғызстанда "Дордой" базары өртенді

Алмас Абылай
Фото

Қырғызстандағы ең ірі базар өртке оранды. Спутник Қырғызстан дерегіне сүйенсек, банк филиалдарының бірі жанып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мемлекеттің төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Орталық Азиядағы ең ірі базар ішінде "Қырғызстан" банкінің филиалы жанып жатыр.

Өрт түнгі мезгілде тұтанған. Төтеншеліктердің шұғыл әрекеті нәтижесінде жарылыс қаупі сейілген. Олар 22 оттегі және 5 пропан газ баллонын сыртқа шығарып үлгеріпті.

Соңғы дерекке сүйенсек, жалын тек таңғы 10-ға жуық ауыздықталған. Бірақ көк түтіннің иісі басылар емес.

Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Ұсынылатын