Saturday, 23 November,2024

Қырғызстанда күйеуімен айырылысқан әйел балаларын сатып жіберген

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қырғызстанда күйеуі тастап кеткен әйел бауыр еті балаларын сатып жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы  24.kg сайты жазды. Онда Шу облысында күйеуімен айырылысқан әйелдің кішкентай балаларды саудаға салғаны жазылған.

ІІД мәліметінше, полицияға арызды әйелдің бұрынғы күйеуі түсіріпті. Ол балаларын ұзақ уақыттан бері көре алмай жүргендігін айтып, шара қолдануды сұраған.

Тексере келе, полицейлер балалардың саудаға түскенін анықтады. Сөйтсе әйел 2021 жылдың 7 наурызында қыз баланы дүниеге әкеліп, оны Мәскеу ауданының тұрғынына сатып жіберген. Ал 2022 жылдың 28 сәуірінде ұл туып, оны сатса, 2023 жылдың 16 наурызында қыз туып, оны тағы бір азаматқа саудалаған.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз балаларын саудалаған әйел тергеу абақтысында отыр.

Ұсынылатын