Saturday, 23 November,2024

Қырғызстанда Қамшы Көлбаевпен байланыста болған кеден қызметкерлері жұмыстан қуылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Арнайы операция кезінде көз жұмған қырғызстандық авторитет Қамшы Көлбаевпен байланыста болған елдің 50 кеден қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Онда қылмыс әлемінің серкесі Көлбаевтың Мемлекеттік кеденнің лауазымды тұлғаларымен байланыста болғаны айтылған. Осы себепті Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері жұмысынан босатылды.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мемлекеттік органдар мен ведомстволардағы алақол қызметкерлерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

Айта кетейік, қырғыз авторитеті осы айдың басында арнайы операция барысында көз жұмған болатын. Қамшы Көлбаев туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын