Қырғызстанда шенеуніктерге автобуспен жүру міндеттелді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Бішкекте шенеуніктерге жеке көліктерімен жүруге шектеу енгізілді. Олар аптасына кемі екі рет қоғамдық көліктермен жүруге міндеттелді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл бастаманы қала басшысы Айбек Джунушалиев көтерді. Жаңа ережеге сәйкес енді шенеуніктер аптасына екі мәрте автобуспен жүруге міндетті.
Олар жәй ғана жүріп қоймай, қоғамдық көліктердегі тазалық пен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын бақылап, ол туралы есеп беруі тиіс. Сондай-ақ шенеуніктер қызметтік көліктерін тек жұмыс барысында ғана пайдалануға құқылы. Бастама авторлары бұл қаладағы көлік кептелісін азайтады деген үмітте.