Friday, 22 November,2024

Қырғызстанда ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа деректер пайда болды

Uaqyt.info
Фото polisia.kz

2022 жылдың қарашасында Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 10-нан астам ұрлық жасағаны үшін облыстың 32 жастағы тұрғынын халықаралық іздеуге жариялаған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Telegram-дағы Polisia.kz арнасының жазуынша, биыл 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қырғыз Республикасы полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылы кезінде ҚР ҰҚКК-мен бірлесіп күдікті ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Ұсынылатын