- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қырғызстандағы қырғын: Әйгілі "Барселона" футбол клубы ел билігін әбден сарсаңға салды
Қырғызстандағы қырғын: Әйгілі "Барселона" футбол клубы ел билігін әбден сарсаңға салды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Қырғызстанда әйгілі "Барселона" футбол клубының академиясы ашылды. Айтулы шараға аңыз ойыншылар келген. Десе де соңғы 2 күн мемлекетте тыныштық болмай тұр. Құзырлы орган өз фанаттарының қолын аламыз деп тәртіп бұзса, ел билігі тәуелсіз БАҚ-тың ісіне кедергі болып әлек, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қырғызстандағы жағдайды Азиялық БАҚ жазды. Онда бір күн бұрын академияның ашылуына келген Барселона ойыншылары тәртіп сақшыларын әбден сарсаңға салғаны айтылады. Яғни стадионға дайындыққа келген ойыншыларға жанкүйерлер лап берген. Фанаттарының қолын ұстауға асыққан тұрғындармен полиция алысып әлек.
Дәл осы күнге себепші болған Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Камчыбека Ташиевтің есімі Kloop басылымында жиі айтыла бастаған сәтте қырғыз билігі аталмыш БАҚ-ты жабуға әрекеттенді.
Осылайша елдегі той құзырлы органды да, билікті де біраз сарсаңға салған.
Айта кетейік, академияның ашылуында Барселона футбол клубының аңыздары Азияның әйгілі ойыншыларынан жасақталған командамен ойнамақ.