Sunday, 28 April,2024

Қырғызстандық 15 жастағы жасөспірім теракт кезінде 100 адамды құтқарды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ресейдегі теракті кезінде 15 жасар қырғызстандық бала 100 адамның өмірін арашалап қалды. Ол атыс басталғанда адамдарды сыртқа шығаруға көмектескен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

15 жастағы Ислам бір-ақ күнде танымал болып шыға келді. Ол "Крокус Сити Холл" орталығының гардеробында жұмыс істейді. Теракті басталған кезде ол саспай, адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға көмектескен.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Ресейде теракті болып, соның салдарынан 137 адам мерт болды. Қаза тапқандардың ішінде балалар да бар.

Қазіргі таңда шабуыл жасағандар ұсталды.

Ұсынылатын