Қырғызстандық әйел жаңа туған сәбиін телефонға айырбастап жібермек болған
Uaqyt.info
Фото pixabay
Қырғызстанда жаңа туған нәрестесін ұялы телефонға айырбастап жібермекші болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
24kg порталының жазуынша, әйел бауыр еті баласын iPhone 12 ұялы телефонына айырбастамақшы болған. Ол саудаласқаннан кейін Ресейге кетпекші болыпты.
Алайда тәртіп сақшылары қылмыстың алдын дер кезінде кесіп, 25 жастағы келіншек пен оның баласын сатып алмақшы болған күдіктіні ұстады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.