Friday, 3 May,2024

Қыркүйектен бастап балабақшаларда балаларға тегін тамақ беріледі

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қыркүйектен бастап балалар балабақшаларда тегін тамақтанады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Қазіргі уақытта Астана қаласында 67 642 баланы қамтитын 505 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның 100-і мемлекеттік, 402-сі жекеменшік және үшеуі ведомстволық. Осы кезеңде Indigo электронды порталында мектепке дейінгі жастағы 60 мыңнан астам бала тіркелген. Оның ішінде 2-6 жас аралығында 41 800 бала бар. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 10 317 орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға байланысты орындар бөлінді. Оның ішінде 200 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда биылдың қаңтар-сәуір аралығында 8 957 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. 2023 жылғы 17 тамыздан бастап Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының топтарын жаңа 2023-2024 оқу жылына жасақтау аяқталады. Порталда 22 190 жолдама берілді, оның ішінде 13 157 жолдаманы мемлекеттік балабақшаға баратын балалар алған. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл қыркүйек айынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады”, - деді Қасымхан Сенғазыев.

 

 

 

Ұсынылатын