- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Қырық сағат жұмысқа жегеді”. Төреғалидың адвокаты сот шешімімен келіспейтінін айтты
“Қырық сағат жұмысқа жегеді”. Төреғалидың адвокаты сот шешімімен келіспейтінін айтты
Есірткіге еліткен күй көлік айдағаны үшін 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған Төреғали Төреәлінің ісіне әлі нүкте қойылған жоқ. Әнші полицейлерге былапыт сөз айтқаны үшін 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін. Бірақ оның адвокаты соттың шешімімен келіспейтінін айтып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Әкімдік анықтайды. Әзірге қандай жұмыс істейтіні белгісіз. Бірақ алда апелляция бар, әлі соттасамыз. Себебі қырық сағат жұмысқа жегеді деген жазамен келіспейміз. Себебі, ол кінәсі жоқ адам. Жазықсыз айыпталып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, қандай жұмыс берсе де орындауға әзір. Бірақ кінәсі дәлелденген жоқ. Сот шешімімен келіспейміз. Сондықтан істі қайта қарауға береміз”, - деді әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев.