“Қысып отыр, сүмелек”. Күйеуіне былапыт сөз айтқан әйел жаға ұстатты
Ғаламторда күйеуіне аузына келгенін айтып, боқтық сөздерді қарша боратқан әйелдің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видео көптің жағасын ұстатты. Онда ерлі-зайыптылардың ұрсысып жатқанын көруге болады.
Әсіресе әйелдің күйеуіне былапыт сөздерді айтқаны көптің қызу талқысына түсті. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.
«Алла сақтасын мұндай қатыннан. Өміріңнің соры ғой», «Жаман қатын алғанның тозағы үйінде деген, мына қатын масқара ғой», «Масқара! Мына қатынның аузын айыру керек! Хайуан! Құдай сақтасын! Мұндай қатынның басынан жоғы артық! Бұл қандай бала тәрбиелейді?», «Бәленің бәрі осы кәрі қатындардан шығады», - деп жазды желі қолданушылары.