- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қытай халқы азайып барады: Соңғы жылдары елде бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен
Қытай халқы азайып барады: Соңғы жылдары елде бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен
Қытайда бала туу көрсеткіші күрт қысқарды. Былтыр елде 9,56 миллион ғана нәресте өмірге келген. Бұл мемлекет тарихындағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Uaqyt.info.
SCMP басылымы дерегіне сүйенсек, Қытайда бір жылдағы бала туу көрсеткіші 10 миллионнан төмен түскен. Ғалымдар бұл үрдіс жалғаса беретінін айтып, алаңдаушылық танытуда. Тіпті соңғы 5 жылда туу саны 40 пайызға азайыпты. Бір ғана мысал, былтыр бір жыл аралығында елде 9 жарым миллион ғана нәресте өмірге келген.
Оның үстіне пандемия салдарынан Қытай халқының саны 850 000 адамға қысқарды. Мұндай көрсеткіш 1961 жылдан бері бірінші рет болып отыр. Ал сәуірде БҰҰ Үндістан Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп ел ретінде бірінші орында тұрғанын мәлімдеді.
Бала туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты былтыр Қытайдағы балабақшалардың саны 5610-ға азайып, 289200-ге жекен. Елдің Білім министрлігінің мәліметінше, балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелерге баратын оқушылардың жалпы саны былтырмен салыстырғанда 3,7% азайып, 2022 жылы 46,3 миллионға азайыпты.