Қытай Жапонияның өнімдерін тұтынуға тиым салды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Қытай билігі Жапонияның теңіз өнімдерін сатып алуға және тұтынуға тиым салды. Себеп атом электр станциясындағы радиациядан тазартылған суды мұхитқа төгу, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тhe guardian дерегіне сүйенсек, жапон билігі "Фукусима-1" атом электр станциясында радиациядан тазартылған суды мұхитқа төге бастады. Осыған орай Қытай Жапонияның теңіз өнімдерін сатып алуға тыйым салып отыр.
Осы арқылы Қытай билігі ел тұрғындарын денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін зияннан қорғап қалмақ.
Ресми Бейжің Жапонияның суды төгу шешімін қатаң айыптайды және бұл істі тез арада тоқтатуды талап ететінін жеткізді.
Мұндай шектеуді Оңтүстік Корея үкіметі де енгізген болатын.
Десе Жапония бұл шектеуге мән берер емес. Керісінше өз еліндегі балықшыларды қолдау шараларына кірісіп кеткен.