Қытайда 24 көзді құбыжық табылды
Алмас Абылай
Фото
Қытайлық ғалымдар 24 көзді жұмбақ жаратылыс иесін тапты. Тіпті оны медузаның еш жерде жоқ түріне ұқсатуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы қытайлық БАҚ жазды. Дерекке сүйенсек, Гонконг университетінің ғалымдары Мэй По қорығынан табылған книдарлар класындағы улы қорапты медузаның жаңа кіші түрін тапты. Зерттеушілер оны табылған жердің құрметіне Tripedalia malipoensis деп атаған. Бұл Гонконг пен Қытайда табылған алғашқы қорапты медуза.
Жаңадан табылған тіршілік иесінің ұзындығы шамамен үш сантиметр, кішкентай денесі және үш шатыры бар. 24 көз алтыдан төрт топқа бөлінеді, әр топ жеке сенсорлық шұңқырда болады, оларды ропалиум деп атайды. Олар медузалар күмбезінің әртүрлі жағында орналасқан. Қорапты медузаның жаңа түрінің денесі мөлдір және түссіз.
Қорапты медузалар адамдар үшін қауіпті. Олардың уы өлімге әкелуі мүмкін.