Қытайда құран оқығаны үшін қазақ жігіті қамауға алынды
Алмас Абылай
Фото Rfa.org
Қытайдың Синьцзян полициясы этникалық қазақты қамауға алды. Ол тойда құран оқығаны үшін ұсталып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Rfa.org сайтының жазуынша 56 жастағы Құсман Рахым 14 шілде күні қамауға алынған. Мұсылмандар тойында құран оқығаны үшін оны Синьцзян полициясы ұстап алып кеткен.
Одан бөлек Құсманның құрбан айт кезінде де құран оқығаны анықталып отыр. Сонымен қатар оның үйін тінту кезінде құран табылған.
Айта кетейік, Қытайда жалпы қытайландыру саясаты жүргізілуде. Оған себеп ұйғыр халықтарымен болған келеңсіздік. Осылайша 2017 жылдан бастап аталмыш мемлекетте құран оқуға тиым салынған.