Friday, 22 November,2024

Қытайда қыз-келіншектер жігіттердің орнын бейне-ойын кейіпкерлерімен алмастыра бастады

Алмас Абылай
Фото sixthtone.com/

Қытайлық қыз-келіншектер жігіттердің орнын ұмытып, романтикалық кездесулерге бейне-ойын кейіпкерлерімен шыға бастады деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қытай БАҚ-тарының жазуынша, елдегі қыз-келіншектердің шынайы өмірден алыстап бара жатқаны байқалуда. Әйелдер қарапайым ер азаматтарды ұмытып, оның орнына бейне ойын кейіпкерлерімен алмастыра бастаған. Тіпті бұл үшін арнайы тәжірибелі косплейерлерді жалдап жүр.

Осылайша әйелдер өздеріне ұнайтын ойын кейіпкері кейпінде киінген адамды жалдап мейрамханаға, дүкенге не саябаққа қыдырады. Тіпті махаббат ләззатына да осындай кейіпкерлермен батып жүр.

Мұндай қызмет көрсететін жігіттердің құны сағатына 100-200 юань. Бұл шамамен 6000-14 000 теңге аралығында. Қыздар алдымен Xianyu сайты арқылы өздеріне ұнайтын кейіпкерге тапсырыс береді. Әрі сол жерде нақты талаптарын көрсетеді. Яғни, тек қыдыру немесе махаббат ойынын ойнау дегендей. Сонымен қатар әйелдер ойын кейіпкерлеріне тек қызметі үшін ғана ақша төлемейді, тамақтануға барып жатса, оның да жеген асын жабады.

Бүгінде Қытайда дәл осындай үрдіс қатты белең алып барады. Тіпті қиялға ерік берген қыз-келіншектердің арманын орындау үшін жігіттер тегін қызмет көрсетуді де әдетке айналдырған.

Ұсынылатын