Saturday, 23 November,2024

Қытайда қызыл деңгей: Табиғат апатынан 900 мыңға жуық тұрғын зардап шекті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қытайда Доксури тайфуны ылаң салуда. Үш күннен бері толассыз жауған жауын-шашын да қала көшелерін көлге айналдырған. Салдарынан 900 мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, жауын-шашынның толассыз жауып жатқанына 3 күннен асқан. Осы уақыт аралығында өзендер арнасынан тасып, қала көшелері көлге айналды. Тіпті көптеген техника су астында қалды.

Соңғы мәлімет бойынша 880 мыңнан аса адам зардап шеккендер қатарына енген. Тағы 354,4 мың адам эвакуацияланды және 146,2 мың адам қауіпсіз аудандарға көшірілді.

Қытайдың ұлттық метеорология орталығы (ҰМО) жауын-шашынға байланысты ескертудің «қызыл» деңгейін ұзартты. ҰМО болжамы бойынша, Хэбэй, Шаньси, Хэнань, Шаньдун, Хайнань, Юньнань және Сычуань, Гуанси-Чжуан провинциялары мен Шыңжан-Ұйғыр автономды аудандарында, Ішкі Моңғолия автономды ауданында, сонымен қатар Бейжің мен Тяньцзинь орталықтан басқаратын қалаларда нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Осы аудандарда жауын-шашын мөлшері сағатына 70 мм-ден артық түседі, оған күн күркіреп, жел қосылады.

Ұсынылатын