Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 130-дан асты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қытайда қуаты 6,2 балдық жер асты дүмпуінен қаза тапқандардың саны 131-ге жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ганьсу мен Цинхай провинцияларында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны артты. Соңғы мәліметтер бойынша, үйінді астында қалып көз жұмғандардың саны 131-ге жетсе, жарақат алғандардың қарасы 700-ден асқан.
Айта кетейік, 18 желтоқсаннан 19 желтоқсанға қараған түні Қытайда 6,2 балдық жер сілкінісі болып, соның салдарынан жүздеген ғимарат қирап қалған болатын. Табиғат апатына қатысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтқанын Uaqyt.info бұған дейін жазды.