Қытайда жойқын жер сілкінісі: 100-ден аса ғимарат қирап қалды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Қытайда шығысындағы Шаньдун провинциясында Бейжің уақытымен сағат 02:33-те 5,5 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 21 адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады. Сейсмологиялық орталық мәліметіне сүйенсек, Шаньдун провинциясының Дэчжоу қаласындағы Пингюань округінде болған үлкен жер сілкінісінен кейін 50-ден астам жер тербелісі тіркелген.
Салдарынан 21 адам жарақат алды, шамамен 126 ғимарат қирады.
Табиғат апатынан кейін пойыздардың қозғалысы ішінара тоқтатылды. Жергілікті биліктің мәліметінше, байланыс және энергиямен жабдықтау жүйелері әдеттегідей жұмыс істей береді.
Провинция билігі шұғыл әрекет ету шараларын бастады. Жер сілкінген аумақтарға өрт-құтқару жасақтары жіберілді.