- Басты жаңалықтар
- Мәдениет
- Қытайдағы қазақтардың өмірі туралы түсірілген фильм екі бірдей марапатты жеңіп алды
Қытайдағы қазақтардың өмірі туралы түсірілген фильм екі бірдей марапатты жеңіп алды
Қытайдағы қазақтардың өміріне қатысты түсірілген көркем фильм екі марапатқа ие болды. Онда көшпенді ауыл халқының тұрмысы бейнеленген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Weixin сайтының жазуынша қазақтардың өміріне қатысты "Өмір ағысы" атты көркем фильм Қытайдың ең жоғары мәртебеге ие "Хуабяо" кино фестивалында "Үздік ауыл тақырыбы фильмі" және "Үздік фотосурет" сынды екі бірдей сыйлықты жеңіп алған.
Туындыдағы басты рөлді Алтай аймақтық филармониясының әртісі Маржан Байтөкенқызы сомдайды. Бұл фильм ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қыста қыстауға, жазда жайлауға көшкен қазақ малшыларының өмір ағысын баяндайды. Сондай-ақ, киноның негізгі тақырыбы этникалық қазақтардың дәстүрлі шаруашылықтан жаңа заманға бейімделуіне арналған.
"Өмір ағысы" фильмінің түсірілімі үш жылға созылыпты. Себебі қазақтың дәстүрлі өмірін бейнелеу үшін нақты уақыттағы түсірілім көктем, жаз, күз және қыс маусымдарын қамтуы керек болған. Малшылардың көшу процесін көрсету үшін түсірілім алаңына жүздеген мың мал әкелінген.